22.02.2017, 11:46
Оқылды: 44

«Батыс Пауэр» жұмысымен танысты

 

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Сайтиев пен аталмыш министрліктің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов Зеленов ауданында болды.


Аудан аумағында орналасқан «Батыс Пауэр» жұмысшыларымен кездескен Қанат Баитов: «Зеленов ауданы қашан да ауыл шаруашылығы дамыған аймақ ретінде танымал болды. Жұмысын бастағанына көп бола қоймаған «Батыс Пауэр» ЖШС-нің жұмысына сәттілік тілеймін. Күні кеше ғана Елбасымыз өзінің кезекті жолдауын жолдады. Ол құжатта еліміздің алдағы жылдарға арналған басты бағыт-бағдары көрсетілген. Сондықтан президент тапсырмасын орындау сіздер мен біздердің басты атқарар ісіміз»,-деді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале