15.10.2020, 14:30
Оқылды: 165

Биіктен көрінген жас бөкейліктер

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ оқушылары Ақырыс Романқызы және Нұрайна Мұхтарова"Мұқағали оқулары" атты республикалық мəнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары атанды. Еліміз бойынша онлайн форматта өткен сайыста жерлестеріміздің нақышына келтіре оқыған Мұқағали ағамыздың «Ей өмір», «Бәріде сіздердікі» және «Өмір жайлы» шығармаларын әділқазылар оң бағалаған.

Jas bokeilik (1)

«Қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали оқулары» атты сайыста туындыларын мәнерлеп оқуда І орын алған» деп Ақырыс пен Нұрайнаның есімдері жазылған дипломда оларды дайындаған ұстаздарының да еңбегі еленген.

Jas bokeilik (3)

Осы аптадағы балғындар жеңісі осымен шектелмейді. Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан мектебінің 7-сынып оқушысы Саят Бисенғали өлкенің тарихын бейнеге түсіріп, үздік танылған. Батыс Қазастан облыстық білім басқармасы және "AQJAIYQ" телеарнасымен бірлескен "Бабалар тарихы – ұрпаққа аманат" облыстық байқауында жас жеткіншектің жұмысы жоғары бағаға ие болған.

Jas bokeilik (2)

Облыс бойынша 67 жасөспірім өзара сайысқа түскен Саят Бисенғали «Туған өлкем ­– Хан Ордасы» атты бейнеролигімен суырылып алға шығып, І орынды жеңіп алды.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале