18.09.2018, 11:48
Оқылды: 26

Биыл Сырым ауданында 9361 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мәлімдеді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылық мақсатта берілген жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2017 жылы жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбай отырған ауыл шаруашылық құрылымдарының иеліктеріндегі 27113 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Биыл 9361 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Былтырғы жылы жалпы көлемі 1850 гектар жер учаскелері конкурс арқылы жалға берілген болса, ағымдағы жылы 17376 гектар жер учаскелері конкурс арқылы берілді. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасын табады.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале