5.07.2019, 10:43
Оқылды: 108

Биыл Жәнібекте «Бастау бизнес» жобасымен 11 адам несие рәсімдеген

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Жәнібек ауданына келіп, аудан активімен кездесу өткізді.

Жиында баяндама жасаған аудан әкімі Азамат Сафималиев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

IMG-20190704-WA0109-800x533

-2019 жылғы 1 шілдеге нақтыланған аудан бюджеті - 4 251,7 млн. теңге, соның ішінде трансферттер түсімі - 3 939,4 млн. теңге, аудандық бюджеттің кірісі - 312,3 млн. теңге.

Ауданымыздың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Соңғы жылдары мал басында өсім бар. Жалпы, ауданда 357 шаруа қожалығы тіркелген.

Биыл «Бастау бизнес» жобасы бойынша 90 адам оқып, 11 адам 70,7 млн. теңге несие алды. Алдағы уақытта жоспарланған ірі жобалардың қатарында аудан орталығынан әмбебап дүкен, екі газ құю стансасын, 30 орындық қоғамдық монша және 300 орындық мейрамхана салу көзделіп отыр.

Елбасының бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында барлық ауылдық округ орталықтарында, биыл Күйгенкөл және Ұзынкөл ауылдарында жаңа спорт алаңы салынды. Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы мектепте спорт залы жоқ екені баршаға мәлім. Мектептің ауласына жаңа спорт залын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қазіргі уақытта кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтуде,- деді аудан әкімі.

IMG-20190704-WA0107-800x533

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ғали Есқалиев облыс бойынша шешімін тауып жатқан игілікті істер Елбасы қабылдаған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары, бес әлеуметтік бастама, Президент Қ.Тоқаевтың 10 басымдығы бойынша жүзеге асырылып,  тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей бағытталғандығын атап өтті.

-Аудан әкімінің жұмысы шағын және орта бизнестің дамуы, тартылған инвестиция көлемі мен ашқан жаңа жұмыс орындарымен бағаланады. Жол мәселесі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей бақылауында. Соңғы үш жылда өңірімізде жол құрылысы қарқын алды. Бір мың шақырымнан астам жол жөнделіп, салынды. Мәселен, Қазталов ауданы орталығынан өтетін жол Жәнібек арқылы Сайқын, Хан Ордасы ауылына жетеді. Бұл жұмыстар басталды. Республикалық облыстық және жергілікті жолдарды жасау жұмыстары жалғасады. Алдағы уақытта Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарының кіреберіс жолдарын асфальттау және аудан орталығының автокөлік жолдарын жөндеу, Жәнібек ауылындағы жаңадан салынған 9 көшеге жол салу жоспарда, - деді Ғали Есқалиев.

IMG-20190704-WA0108-800x533

Бұдан кейін өңір басшысы өткен жылы облыс және аудан көлемінде атқарылған құрылыс жұмыстарына тоқталды.

  -Жәнібек ауылының шығыс бетінде екі қабатты 12 пәтерлік 2 үйдің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Күні бүгін жобалық-сметалық құжаттамасы дайын бұл жоба іске асқанда, барлығы 24 пәтер салынып, иелеріне табысталмақ. Қазіргі уақытта аталған жоба кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Тегісшіл ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Құрылыстың құны – 212 млн. теңге. Аталған жобаның құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүргізу жоспарлануда. Жәнібек ауылының шығыс бағытынан 160 көрерменге арналған орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Құрылыстың сметалық құны – 368 млн. теңге. Биыл КПО б.в. қаражаты бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деген облыс әкімі бұдан әрі халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қамтудың жайына тоқталды.

IMG-20190704-WA0121-800x533

Соңғы екі жылда Қамысты, Жәнібек, Ақоба және Талов ауылдарына ауыз су жеткізіліп, нәтижесінде аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 93,3 пайызға жеткен. Қазір Тегісшіл елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмысы жүргізілуде. Алдағы уақытта Майтүбек, Еңбекші елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары жоспарланған. Ал ауданның елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылды.

Сонымен қатар облыс әкімі Жәнібек ауданындағы өзінің қоғамдық өкілі Самиғолла Оразовты таныстырды.

IMG-20190704-WA0113-800x533

Актив жиналысынан кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көтерген мәселелеріне нақты тапсырмалар берді.

Гүлзара Тілекқабылқызы

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале