22.02.2018, 11:41
Оқылды: 27

«Бизнес кеңесші» курсы аяқталды

Переметное ауылында «Бизнес кеңесші» екі күндік қысқа мерзімді   оқыту курстары өтті.

 Оқытуды аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табысталады. Айта кетейік, сертификат даму банкінің несие кепілдеріне және гранттық қаржыландыруына мүмкіндік береді.

Зеленов ауданында жоғарыда аталған жобаға қатысып, бар кәсібін кеңейтуді және ойындағы бизнес жоспарын іске асыруды қолға алған азаматтар аз емес. Міне, сол жандарға мүмкіндік беру үшін мамандар аймақтың барлық округтерінен келген 35 болашақ кәсіпкерге екі күн бойы кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспар құру, маркетингтік қызмет, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері және бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары сияқты сабақтар жүргізді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсел Қартқожақова: -«Бизнес кеңесші» жобасы бойынша жыл сайын оқыту курстары өткізіліп тұрады. Аудан тұрғындарының белсенділігі де жоғары.  Оларға облыс орталығынан арнайы келген бизнес тренер Зүлфия Халилова сабақ жүргізді.  Өз еркімен де келіп жатқандар аз емес. Тіпті, дайын идеяларын да ұсынғандар көп. Бұл курс кәсіп ашам дегендерге таптырмас мүмкіндік,-дейді.

Өз идеясын іске асырып, бар кәсібін кеңейуді көздеген Базарбай Әбілов: -Кәсіпкерлікпен біраздан бері айналысып келемін. Бірақ ісімді кеңейтіп, бар мүмкіндікті толығымен пайдалануым үшін көп қаражат керек болатын. Ал, ол қаражатты табудың бір жолы осы «Бизнес кеңесші» курсын аяқтап, банктен несие рәсімдеу. Бұл курстың берері мол. Салық, құқық жағынан, басқа бизнеске қажет деген біраз мағлұматқа қанықтым. Әр азаматқа ісін ашуға мүмкіндік беретін осындай курс ұйымдастырып жатқан жандарға алғысым шексіз,-дейді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале