24.08.2019, 12:43
Оқылды: 341

БҚО әкімі Ақсайдағы қоқыс мәселесін 15 қазанға дейін шешуді тапсырды

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Бөрлі ауданына келді. Оның төрағалығымен ауданда тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі бойынша жиын өтті. 

IMG_9376-800x533

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов қоқыс мәселесінің шулы жағдайға дейін жетуіннің бірнеше себептерін атады.
-Бұрынғы қоқыс полигоны 1986 жылы ашылған. Сол уақыттан бері пайдаланып келе жатқан полигонның 99 пайызы толды. Сол себепті полигонда үнемі өрт тіркеліп отыр. Полигондағы қоқыс қалдықтарын барынша сығымдап, бір жерге жинақтау жұмысы атқарылып жатыр. Дегенмен ол жұмыстар бүгінде оң нәтиже көрсетпей тұр. Мәселені шешу үшін жаңа қоқыс полигонының құрылыс жобасын ұсынамыз. Заман талабына сай жасалатын жобанның құны 2 млрд. теңге. Полигон 40 гектар аумақты қамтиды. Инвесторлар тартып, қаражат мәселесін шешу жолдары қарастырылуда. Қазіргі күні қаламызға темір жәшіктерді орнатып жатырмыз. Жұмыс жасауға қолайлы қоқыс жәшіктеріннің 200 данасы қойылды. Алдағы уақытта тағы 300 дана орнатылады,  -деді Е.Нұретдинұлы.

20190824_121822-800x572

-Жұмысты тиянақты атқармай отырып, халық ақысын дұрыс төлемейді деу көңілге қонымсыз. Алдымен олқылықтардың бәрін жойып, төлемақыны сосын талап етуге болады. Және қоқыс ақысын электронды түрде төлеу мүмкіндігін қарастыру керек. Базарлар мен сауда орныдарының да қоқыс қалдықтарына жауапкершілікпен қарауын аудандық мәслихат депутаттары үнемі назарда ұстап, қажет жерінде айыппұл төлету керек,-деді Ғали Есқалиев.
Облыс әкімі аудандағы қоқыс мәселесін 15-ші қазанға дейін толық шешуге тапсырма берді.
Жиыннан соң өңір басшысы көшедегі қоқыс қалдықтарының тазартылу барысымен танысып, тұрғындармен  кездесті.

Мейрамбек Сыдықов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале