19.09.2017, 11:47
Оқылды: 41

БҚО-да бесік жырын айтудан байқау өтті

Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округінің орталығы – Ілбішінде бесік жырларын айтудан байқау өтті.


Нәрестенің жанына әннің, сөздің, өнердің нұрын құятын жырларды кезегімен айта отырып, кейуаналар бұлардың құрылысы, түр ерекшеліктері жайында баяндады. Шара барысында мәдениет қызметкерлері ежелден бері рухани дәулетіміз болып табылатын салт-дәстүрлеріміз, сондай-ақ балалар фольклоры туралы да әңгімелеп, кеш мазмұнын байыта түсті.

Байқау қорытындысымен айталық, бұрыннан ән-жырға сүйіспеншілігімен танылған Қансұлу Иманбаеваға «Өнерлі әже», Нұрғаным Дәулетияроваға «Мейірімді әже», Жұмақыз Исенбаеваға «Парасатты әже», бесік жасауға талаптанған жігіттер әрдайым ақылдасып жүретін Ұлдай Салықоваға «Шебер әже» аталымдары тапсырылды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале