16.08.2019, 11:48
Оқылды: 149

БҚО-да облыстық Абай оқулары өтті

 Теректі аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ақыл - мизан, өлшеу қыл" тақырыбында облыстық Абай оқулары өтті.

IMG_0041

Байқауға Теректі, Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей орда, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе, Қазталов, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандарымен қатар Орал қаласынан үміткерлер қатысты.

Байқаудың ашылуында аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Ғазиза Рахметова, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Мәулет Жұбатов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері, «Дат» театрының режиссері Жамбыл Заев төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

IMG_0041

Оралдық Сабыржан Рысқалиев байқау жеңімпазы болып, 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды  Кенесары Болғанбаев (Бөрлі ауданы), ІІІ орынды Саягүл Күлмұханова (Теректі ауданы), Алтынбек Айғалиев (Бәйтерек ауданы) еншіледі. Қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Үміткер Орынғалиев,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале