24.10.2017, 17:20
Оқылды: 16

БҚО-да тоғыз тұрғынның жиған шөбі өртке оранды

Үш аптадан бері Зеленов ауданының Переметный ауылы халқы тыныш ұйықтай алмай жүр.

Ай басынан бері тұрғындардың маңдай термен жиып алған шөбі өртенуде.  Қазан айының 3-і күні ауылда 3 үйдің қысқа дайындап, үйіп қойған шөбі жанып кеткен болатын. Содан бері белгісіз біреу ауыл тұрғындарының мазасын қашырды. Әр апта сайын орын алатын өрт фактысының реті мынадай. Ағымдағы айдың 15-күні екі, 22-сі күні үш, 23-і күні тағы бір өртену фактісі тіркелді. Жауапты орган мамандары берген мәліметке қарағанда, өрт түнгі 23 пен 00 аралығында тұтанады. Мысалы, 22-ші қазан күнгі алғашқы өрт 23 сағат 14 минутта басталса, соңғысы 23 сағат 57 минутта тіркелген. Төтеншеліктер толық анықталмайынша біреудің қасақана шөп өртеп жүргенін айтудан бас тартқанымен, мұндай сәйкестік өмірде бола бермейді. Сондықтан, ауыл ішінде бір қаскөйдің жүргені анық. Соңғы 5 факты бойынша қанша шөп жанып кеткенін есептеп қойған төтеншеліктер мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың 49 тонна шөбін өрт жалмапты.  Оған шөптің қоршауын қоссақ, біраз шығынның келгені белгілі. Абырой болғанда, мал мен адам шығыны орын алған жоқ.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті полиция қызметкерлері мен ауыл әкімдігі тұрғындармен кездесіп, жағдайды қадағалауға алған.  Округте қазір полиция күшейтілген режимде жұмыстануда.

Т.Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале