8.11.2017, 15:10
Оқылды: 24

БҚО-да жас иллюстраторлар байқауы өтті

hqdefaultҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР кітапханашылар  Ассоциациясының бастамасымен  2007 жылдан  бері «Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын өткізіліп келеді.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  шайырдың шығармаларын жан-жақты, кең көлемде насихаттау мақсатында «Сұлтанмахмұттың жауһар мұрасы» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауын өткізді. Жәнібек орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша байқауға 10 жұмыс жіберілді. «Кескіндеме»  аталымына Ақоба ауылдық кітапханасының оқырманы, 9-сынып оқушысы Әсем Закарина, «Графикалық композициялық идея» аталымына Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасының оқырманы, 7-сынып оқушысы Айнара Маратқызы ие болды.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале