5.06.2019, 15:03
Оқылды: 50

БҚО-ның 4 ауданында спорт кешені салынады

 Жастар жылына орай, Қазталов, Жәнібек, Бөкей Орда, Жаңақала аудандарында спорт кешендері салынады. Жағымды жаңалықты облыс әкімі Алтай Көлгінов бүгін Қазталовтағы көшпелі жиында айтты. Спорт кешенінің құрылысы биыл Қазталов пен Жалпақтал ауылдарында басталмақ.

 a4411183-7530-47b9-902f-67b2b13b7db6

Жиынға қатысқан үш ауданның ақсақалдары Алтай Сейдірұлына осындай жағымды хабарды жеткізгені үшін алғыстарын жеткізіп, жолға қатысты сұрақтарын қойды.

3a126f6c-3363-4e2c-8817-372556a59c2d

Жиыннан кейін облыс әкімі Лекер су ұңғымасынан тартылып жатқан ауыз су құбырының жұмысымен танысып, мердігерге алдағы шілде айында бітіруді тапсырды. Аудан орталығына Лекер су ұңғымасынан келетін ауыз су құбырының жеткіліксіз болуына байланысты қосымша екінші құбыр тарту қолға алынған болатын. Қазу және құбыр жүйесін тарту жұмыстарын мердігер «Қалдығайты» ЖШС атқарып жатыр.

Облыс әкімі Қазталов ауданының орталығында салынып жатырған 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысымен де танысты. Екі қабаттан тұратын бұл тұрғын үй құрылысына 122 млн. теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жүргізуде. Осындай 12 пәтерлік 2 қабатты үй Жалпақтал ауылында да салынуда

Құрылыс алаңына келген Алтай Сейдірұлы аудан әкіміне жаңа тұрғын үйді бірінші кезекте көп балалы отбасыларға беру керектігін тапсырды.

96c44ce3-cd13-42ef-a536-fb45ed88dcd1 87295490-1294-460f-9363-b36ef8ce5113

 

Қайрат Жақып,

Суретке түсірген Динара Киндербаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале