21.10.2020, 12:32
Оқылды: 108

Бөкей ордасында хан Жәңгірге мурал салынды

Көпқабатты үйлерге танымал тұлғалардың муралын салу үрдісі Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында да көрініс тапты.

5E560058-41DF-4B72-82CC-B4C1E9C0A644

Жергілікті әкімдіктің  тікелей қолдауымен Бөкей хандығының 220 жылдығы және Жәңгірхан мектебінің 180 жылдығы мерейтойларына орай орталық көшедегі екіқабатты үйдің қасбетінде алыстан көз тартар хан Жәңгірдің алып бейнесі пайда болды.  Қабырғаға қарағайлы орман алқабы мен музей-қорықтың суреттері де қоса салынған.

Жәңгір ханның бейнесін оралдық суретші-дизайнерлер Яков пен Дарья Полищуктер 5 күннің ішінде салып шықты.

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале