26.01.2017, 19:14
Оқылды: 34

Бөкейлік жігіттер бөрілерді бөктеруде

????????????????

Бөкей ордасы ауданындағы бөрлілік аңшы жігіттер (Темір Масин ауылдық округі) Бақытжан Ғабдоллин, Руслан Сейсенғалиев, Әйбек Рысқалиев, Асхат Бекқалиев, Әлібек Тәжімұратов, Игнат Исағалиев, Теңізбай Боранбаев, Сырымбек Сүндетов қаңтардың ортасынан бастап қасқыр аулауға дендеп кірісті.


   Бұған өңірімізге қардың қалың түсуі де өз пайдасын тигізіп отыр. Аңшылардың негізгі көліктері – қаршана (снегоход). Бұл ауылда осынау аңшы көлігінің биыл жаңадан төртеуі алынғанын да айта кетелік.

  Осы уақыт аралығында 20-ға жуық түз тағысы олардың құрығына іліксе, Асхат Бекқалиев пен Әлібек Тәжімұратовтардың «олжасы» тіптен қомақты. Алғашқысы 5, екіншісі 4 бөріні қанжығаларына байлаған. Асхаттың түз тағыларына бұлайша тиісуі осыған дейін оның жиырмадан астам жабағысы жаман ауызға жем болыпты. Жігіттердің айтуынша, қасқырдың қарасы әлі де көп көрінеді. Сондықтан олар қарқындарын үдете түспек ниетте.

Сәндібек ЖОМАРТҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале