21.06.2017, 10:57
Оқылды: 27

Бөрліде құран оқудан жарыс өтті

құран оқу жарысы.Бөрлі аудандық мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында құран жарысы ұйымдастырылды.


Жарысқа Түркиядан келген қари ұстаз Маранчи Иылмаз, мешіт ұстазы Жомарт Лұқпанұлы, мешіттің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Өрлен Бисеновтер  төрағалық етті.

Дінімізді дәріптеп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған игі шара екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде қатысушы құран сүресін жатқа оқып берсе, екінші бөлім шарты -  құранды жүзінен оқу. Сәйкесінше, сайыстың бұл түрі киім үлгісіне, мәнерлеп жатқа оқуына қарай бағаланды.

Қатысушылар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале