22.01.2019, 12:06
Оқылды: 60

Бұланда 9 жоба жүзеге асқан

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 2018 жылы Сырым ауданы Бұлан ауылдық округі бойынша барлығы 5 млн. 416 мың теңгеге 9 жоба жүзеге асқан. Бұл туралы өзінің есептік баяндамасында Бұлан ауылдық округінің әкімі Тимур Кубаев айтты.

 syrym bulan (6)

         Аталған бағдарлама аясында былтыр саябақ, балалар ойын алаңы, ал округке қарасты Жамбыл ауылында жаңа спорт алаңы мен балалар ойын алаңы салынды. Демеушілер тарапынан екі ауылдың да кіреберіс жазулары жаңартылды.

         Бұлан ауылдық округіндегі 2018 жылы өткен есептік жиында көтерілген ауыз су мәселесі шешімін тапқан. Тамыз айында Бұланда жаңа ауыз су ұңғымасы іске қосылды. Жамбыл ауылындағы электр желілерін жөндеу және бөгетті қалпына келтіру жұмыстары да ойдағыдай орындалған. Есептік кездесуде тұрғындар Жамбыл мектебіндегі кадр мәселесін шешу және спорттық залдың жылыту жүйесін жөндеу мәселелерін көтерді.

         Есептік кездесуден кейін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

syrym bulan (1) syrym bulan (4)

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале