12.12.2017, 14:20
Оқылды: 25

Бұлдырты және Елтай ауылдарына жаңа әкім сайланды

sailay sirim 2Бүгін Сырым ауданында Бұлдырты және Елтай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер ай бұрын аталған округтердің әкімі лауазымы үшін барлығы 6 үміткер тіркелген болатын.

Таңдаушылардың жалпы жиналысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов дауыс беру тәртібі туралы айтып өтті. Сайлауға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат қатысты. Сайлауға бақылаушы ретінде үкіметтік емес ұйым өкілдері мен бұқаралық ақпарат қызметкерлері қатысты.

Аудандық сайлау комиссияның сайлаудан кейін жария еткен мәліметіне сүйенсек, осыған дейін Бұлдырты ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған Ерлан Мақашев өз қызметіне қайтадан сайланыпты. Ал Елтай ауылдық округінің әкімі лауазымын ендігі жерде Батырғали Иманқұлов атқаратын болды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале