23.04.2018, 14:51
Оқылды: 29

Чапаевта бүлдіршіндер саябағы ашылды

чапаевӨткен сенбіде, яғни «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы күні Чапаевта «Бүлдіршіндер» саябағы бой көтерді.

Мұнда алдағы қыркүйекте мектеп қабырғасын аттағалы отырған «Ақбота», «Бөбек», «Аяна», «Жібек» балабақшаларының, Чапаев №1 орта мектебіндегі «Балапан» шағын орталығының балғындары өздерінің ата-аналарымен, оқытушыларымен бірге тал екті.

Көлемі 0.8 га. аумақты алып жатқан саябаққа бұл күні алғашқы 114 түп аққайың отырғызылды.

Нұрлыбек ТЫНЫШТЫҚ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале