11.07.2020, 18:06
Оқылды: 111

Дəрі - дəрмек үшін 400 мың!

IMG-20200711-WA0097

- Сырым ауданында коронавирус індеті асқынуда. Жымпитыдағы провизорлық бөлімге медициналық аппарат пен дәрі - дәрмек керек! - дегенді естігенде әрекетке көшкен жақсы адамның бірі ақын Дәурен Шамұратов.

Ол лезде әлеуметтік желідегі оқырмандарына үндеу жариялап, жәрдемдесем дегендерге өзінің есепшотын ұсынды. Халық 3 күнде 400 мың теңге қаражат жинады.

Кеше волонтер ақын жанашыр жандардың аманатын Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры Роза Тахамбетоваға қолма - қол тапсырды. Аурухана ол қаражатқа жетіспейтін антибиотиктерді сатып алып, провизорлық бөлімде және үйінде емделіп жатқан науқастарға пайдаланады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале