6.06.2017, 17:22
Оқылды: 52

Дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Zelenov ambulatoria   Зеленов ауданы Рубежин ауылындағы тозығы жеткен дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдаланылуға берілді.

  Ауыл халқын қуаныштарымен құттықтауға аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, Дариян ауылындағы аудандық аурухана директоры Ғабитжан Ислямов, «Жолаушы жол» ЖШС-нің басшысы Ролан Темірханов келді.


  Сөз алған зейнеткер Нұрғали Зылиха апамыз тозығы жеткен ғимаратты жөндеп, ажарын кіргізген құрылысшылар мен аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына ортақтаса келген рубежиндік кәсіпкерлер де дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Құралай Самаликоваға бағалы сыйлықтар ұсынды.

   10 миллион теңге қаржыға жөнделген жаңа амбулаторияда науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале