6.08.2020, 14:18
Оқылды: 44

Дарияндық оқырмандар марапатталды

Ғасырлар бойы көшпелі тірлікті басынан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын өз тағдыры арқылы жырға қосқан Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ елінің әдеби һәм мәдени мұрасына айналғаны ақиқат.

65CB1FF6-9B8B-4FDA-9BE8-05385E7DC9B1

Қазақтың ұлттық рухани болмысын айқын суреттей білген Абай һәкімнің 175 жылдық мерейтойына орай өнерлі жандарды қолдау мақсатында БҚО тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің арасында «Маусымдық поэзия» атты онлайн байқау ұйымдастырылған болатын. Аталмыш өнер додасына Бәйтерек ауданы атынан Дариян ауылдық кітапханасының оқырмандары қатысты. 

Абай поэзиясын сүйіп оқитын өңіріміздің барлық аудандарындағы өлеңсүйер ағайынның басын қосқан бәсеке қорытындысында дарияндық Асылай Құбжанова, Айшабибі Үмбетьярова, Шашты Шаймарданова және Несібелі Төлеген БҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Ғұбашевтың атынан алғысхаттармен марапатталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале