24.06.2019, 17:16
Оқылды: 130

«Достық» лагерінде балалар 7 ауысымда демалады

Жазбен бірге, педагогтар үшін балалардың жазғы демалысы деген өте жауапты кезең басталды.

 

dav

Бұлан өзенінің жағасындағы аудандық «Достық» жазғы демалыс лагерінде осы күнге дейін 3 кезеңде 180 бала демалып үлгерді. Жеті кезеңге созылатын лагерь демалушыларын қолөнер, спорт, эстетика, өнер, робототехника бағыты бойынша жаңалықтарға баулиды. Аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы балалардың сәтті демалысы үшін бар күшін салып жатыр.

rpt

Коммуналдық желімен жабдықталған жатын орнынан бөлек, балалар бассейн, асхана, монша, мәдениет үйі сияқты нысандардың игілігін көруде.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале