20.10.2017, 15:30
Оқылды: 25

Емдеу-диагностикалық пойызы Зеленов ауданына тоқтады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ әлеуметтік жобасына сәйкес өңірді аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойызы Зеленов ауданы Переметный станциясына тоқтады.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға ерекше маңыз берген пойызда терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, оториноларинголог, педиатр, гинеколог, невропатолог, эндекронолог, т.б. барлығы 21 білікті дәрігер-маман әр келушінің тегін қаралуына мүмкіндік жасайды.

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойызының бас дәрігері Лұқпан Рахатов пойыздың негізгі мақсаттары мен жұмыс тәртібі туралы түсінік берді.

– Бұл пойыз қазіргі заманға сай емдеу құралдарымен, шағын ота жасау бөлмесі, зертхана, телемедициналық конференция өткізу үшін байланыс құралы мен ғаламтор желісіне қосылу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Бүгінге дейін біз Шыңғырлау және Жайық станцияларында жұмыстандық. Негізінген кеңес беру, ауруды алдын ала анықтау бағытында көмектесеміз. Хирург, лор, стоматолог сынды дәрігерлер қажет ем-домды осы жерден-ақ жасайды.

Ауыл тұрғындарына таптырмас мүмкіндік беретін мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойызы Переметныйда екі күн бойы жұмыстанбақ.

Нұржан Дүзбатыр,

Зеленов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале