30.01.2020, 15:22
Оқылды: 44

Еріктілер тәжірибелерімен бөлісті

Қаратөбе ауданының колледжінде ерікті жастармен кездесу ұйымдастырылды.

 qaratobe jastar (1)

Оған қатысқан Орал қалалық ақпараттық талдау «Орал жастары» волонтерлық ұйымының қайырымдылық бағыты бойынша ұйымдастырушысы Алтынай Маратова және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.

- Биылғы жылды Президент Волонтерлар жылы деп жариялады. Жалпы ерікті болу - біздің өмірлік миссиямызға айналып келе жатыр. Азаматтық қоғамның басты критерийінің бірі – сол мемлекеттегі волонтерлық қозғалыстың дамуы дер едім. Өйткені волонтерлық өз еліне, жеріне, қоғамға жанашырлық сезімін қалыптастырады. Қазіргі басты мәселе, жастар мен билік органдары арасында еріктілік тұрғысында дәнекерлік орнату. Осылайша елжанды азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша орындаушы Нұрберген Жоламанов.

Айта кетейік, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастары үнемі қайырымдылық шараларына белсене қатысып, игі бастамаларымен көпке үлгі болып жүр.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале