15.09.2017, 15:48
Оқылды: 33

Есепте тұрған бес адам тұрақты жұмысқа орналасты

 

Қаратөбе ауданында  пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік құқықтық  көмек көрсету және оларды жұмысқа орналастыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстары тыңдалды.


Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төралығымен өткен жиынға  пробациялық есепте тұрған адамдар қатысты.

Жиын барысында сөз алған аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұржан Есқараның айтуынша, аудан бойынша 14 адам есепте  тұрған-ды. Соның 5-еуі тұрақты, 3-еуі қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орынына орналасты. 1-еуі зейнерлік жаста, 3 адам жұмыссыз. Сотталған адамдарға көрсетіліп жатқан көмек жөнінде және жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстанып жатқандығын жөнінде айты.

Басқосуда сөз сөйлеген аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалиев сотталған адамдарға көрсетілетін көмектер туралы және несие алып өз кәсібін ашуға, оқу оқып, жұмысқа орналасуға мүмкіншіліктері бар екенін түсіндірді.

Жиында сөз алған аудан прокуроры Ғылымбек Мұхитов сотталғандарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жаңдандырып, Шөптікөл-Үшана бағытындағы су құбырын жүргізіп жатқан мердігерлерге сотталған адамдарды келісімшартпен жұмысқа орналастыруды, "Еңбек Орал" РМК-мен мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын жасап, жұмысқа орналастыру қажеттігін айтты.

Жиын соңы пікір алмасумен аяқталды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале