24.07.2017, 11:16
Оқылды: 25

Есірткі сақтаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды

Жәнібек ауылының Н. есімді тұрғынының тұрғылықты мекенжайын қарау кезінде полиэтилен пакетіне оралған, жасыл түсті, өткір иісі бар, жабайы сораға ұқсас өсімдік табылды.


Аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция тобының жедел уәкілі, полиция капитаны М.Бапаховтың мәліметінше, аталған зат сот сараптама қорытындысына сәйкес жабайы сорадан кептірілген марихуана болып шыққан.

–Мекенжайынан есірткі табылған  азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігінде көзделген, есірткі құралын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп және сақтаумен қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін аудандық соттың үкімімен 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды,-дейді ол өз сөзінде. Айта кетейік, ҚР аумағында «Көкнәр-2017» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале