27.04.2018, 14:02
Оқылды: 41

Игорь Стексов бөкейлік шаруалардың жұмысына оң баға берді

IMG_20180426_154510Кеше жұмыс сапарымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов бастаған ауыл шаруашылығы саласының облыстық басқарма басшыларынан құрылған жұмыс тобы Бөкей ордасы ауданында болды. 

Жұмыс сапары Мұратсай ауылында орналасқан фельдшерлік мал дәрігерлік пунктінен бастау алды.  Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов және аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Жаннұр Батырханов пункт жұмысымен таныстырды.

Бұдан соң И.Стексов бастаған жұмыс тобы Сайқын ауылдық округіндегі симентал тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысатын «Ерсайын» шаруа қожалығында және «Хан» сүт өнімдерін өндіретін цехта болды. Цех басшысы Бибигүл Жұмағұлова кәсіпорынның проблемалық мәселелеріне қатысты әңгіме қозғап, жұмыс тобы цех жұмысын жандандыру бойынша ойларын ортаға салды.

Жұмыс сапары Бисен ауылдық округінде орналасқан «А.Каукешев» жеке шаруа қожалығында жалғасты. Аталған шаруа қожалығының жетекшісі Арон Каукешев 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын көрсетіп,  алдағы уақытта оны 1500 басқа дейін көбейту жоспары туралы айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары  қожалық жұмысына оң баға беріп, кәсіп иесіне табыс тіледі.

IMG_20180426_170659Содан соң ауыл шаруашылығы саласының басшылары «Ораз» шаруа қожалығындағы жаңа ауылшаруашылығы кешенінде болды. Шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Момынов кешен құрамына кіретін 400-ден астам ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы, жем сақтайтын қойма, жемді тартатын агрегаттар, ауылшаруашылығы техникаларына арналған ангарды қамтитын кешенмен таныстырып, асыл тұқымды мал өсіру бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы айтты.

Жалпы ауданымыздың ауыл шаруашылығы жетекшілері, мекеме басшылары су мәселесі, мал өсіруге арналған мемлекеттік кредиттерге қатысты қатысты әңгіме қозғап, жұмыс тобы мүшелерінен өз салалары бойынша кеңес алды.

Игорь Валерьевич шаруа қожалығы жетекшілеріне атқарылып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, Бөкей ордасы ауданында ауыл шаруашылығы  бағытында  жүргізіліп жатқан жұмыстарға қанық болды. Содан кейін ауылшаруашылығы басшылары Жаңақала ауданына жол тартты.

Ернар Шакенов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале