25.05.2017, 10:42
Оқылды: 21

Қамыстыда 2500 тонна күл-қоқыс шығарылды

Жәнібек ауданының Қамысты ауылында 10 сәуір мен 10 маусым аралығында тазалық айлығы жарияланған болатын.

Ауылдың көркейіп, гүлденуіне, таза болуына ауыл тұрғындары жаппай атсалысуына бағытталып, әр аулаға үндеу қағаздары таратылыпты.

Қазір бұл ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, оған ауылдағы әлеуметтік мекемелер қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары белсене қатысуда. Мұнда күні бүгінгі дейін ауылдағы шаруа қожалықтарының 24 техникасының қатысуымен 2500 тонна күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ ағаштардың түптері әктеліп, ауылдық округ әкімі ғимараты жанындағы алаңға 100 түп көшет отырғызылды.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале