12.10.2018, 10:04
Оқылды: 65

Қаракөлде балалар ойын алаңы жабдықталды

Қаратөбе ауданына қарасты Қаракөл ауылдық округінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауыл орталығындағы балалар ойын алаңы қосымша құралдармен жабдықталды.

 qaratobe (2)Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов:

– «Бала біздің болашағымыз» деп Елбасымыз үнемі жастарымызға назар аударып келеді. Елбасының бағдарламасы аясында ауылда балалар ойын алаңы қосымша жабдықдықталды. Бүгін міне, ашылуына куә болып отырмыз. Демеушілік білдірген кәсіпкерлерге ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіремін, - деді.

Ойын алаңының лентасын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, еңбек ардагері Орынғали Дүйсенғалиев қиды.

Кәсіпкер Ахмед Мамедов пен қаракөлдік Рақымжан демеушілік еткен алаңға қазіргі заман талабына сай әткеншек, балаларға арналған арнайы орындық бар.  Ойын алаңының қайта жабдықталуына 300 мың теңге жұмсалған.

Шарада кішкентай бүлдіршіндер және «Елім-ай» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

qaratobe (1) qaratobe (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале