18.02.2019, 12:49
Оқылды: 61

Қаракөлдік жастар саятшылық өнерді насихаттады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округінде жастар арасында саятшылық сайысы өтті.

qaratobe (2)

 

Саятшылық сайын даланы мекен еткен көшпенділер өркениеті үшін өнердің бекзаты еді.

         Аталмыш сайыс «Тазымен таныстыру» атты тазылар көрмесі, «Уақытқа ат еріттеу», «Қақпан құру», «Тазыны аңға салу» сынды төрт кезеңнен тұрды.

         Қатысушылар әр кезең бойынша ептіліктерімен көзге түсіп жиылған жұртқа үлгі бола білді.

         -Саятшылық пен аңшылық – бұл қазақтың қанға біткен өнері. Мұнда ердің – жігіттігі, батылдығы, ептілігі сынға түседі. Біз ұмыт бола бастаған, өскелең ұрпаққа үйретуге тиіс құндылықтарымызды жаңғыртып, көрсетіп отыруымыз керек,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев.

         Шара соңында аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Құмарұлы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұрпақ тәрбиесі жайын сөз етіп, шараны ұйымдастырған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына, Қаракөл ауылдық округі әкімдігіне және ауыл тұрғындарға алғыс білдірді.

Сайыс соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға сыйлық табыс етті.

qaratobe (3)

 

qaratobe 2 (1) qaratobe 2 (3) qaratobe 2 (4)

Маралбек Амантаев,

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс

 жөніндегі ресурстық орталығының маманы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале