5.05.2018, 21:53
Оқылды: 34

Қаратөбе ауданында «Айбын» әскери-патриоттық жастар шеруі өтті

IMG_7340Бүгін  Қаратөбе ауданында әскери кросс, кернеуге тартылу, саптық дайындық бойынша өнер көрсетуден бастау алған  аудандық «Айбын» әскери-париоттық жастар жиыны өтті.

Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мерекелік құттықтау сөз сөйлеп ашып,  алаңда сап түзеген командаларға сәттілік тіледі.

Мерекеге орай  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, подполковник Эльдар Халелов баяндама жасап, «Айбынға» қатысушы  командалардың мерекелік шеруге дайындығы туралы аудан басшысының орынбасары Жасұлан Сұлтанға баян етті.

Сап түзеген командылар өз кезегімен шеру жасап, өнерлерін ортаға салды.

Жоғары деңгейде өнер көрсеткен  командалар мен озық үлгі көрсеткен өрендердің өнерлері бағаланып, марапаттаулар табыс етілді.

Аталмыш әскери-патриоттық шараның қорытындысында топ жарған Шөптікөл командасы жүлделі І орынды жеңіп алса, ІІ және ІІІ орындарды Мұхит атындағы мектеп, Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектебі иеленді.

 

                                                                       Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале