16.02.2018, 17:35
Оқылды: 29

Қаратөбеде автобекет пен автотұрақ салу қажет

Бүгін Қаратөбе ауданында жолаушылар тасымалын реттеу бағытында жиын өтті.

Жиында сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Әмірғали жолаушылар

тасымалын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жолаушылар тасымалын реттеу мақсатында таксистердің басын біріктіретін жеке кәсіпкерлік (ИП) құрылғанын тілге тиек етті.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Марат Серікұлы облыс бойынша жол қатынасын реттеу мәселелері турасында толық мағлұмат беріп,  аудан бойынша жолаушы тасымалдайтын Қаратөбе-Орал (тасымалдаушы «Қазақстан – Елім»), Мұхит-Орал (тасымалдаушы БҚО автобус паркі серіктестігі), Қоржын-Орал (тасымалдаушы «Нұрқанат» шаруа қожалығы) автобустарының жүру кестелері мен уақытына тоқталды.

Сонымен қатар Қаратөбе ауданына автобекет пен автотұрақ салу мәселесін көтеріп,  жиынға қатысушы жеке кәсіпкерлер мен мекеме басшыларының сауалдарына жауап берді.

Отырыста автобекет пен автотұрақ салынған жағдайда автобустардың көрсетілетін қызметіне қарай аудан тұрғындары автобекет арқылы қатынасу қажеттілігі, Қаратөбе-Орал бағытында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың бекітілген кестеге сай жүру мәселелері де қаралды.

Аудан әкімі Жанат Асылханұлы автобекет пен автотұрақ салу кәсіпкерлер тарапынан қолға алынса, аудан әкімдігі қолдау көрсететінін жеткізді.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале