20.06.2018, 11:24
Оқылды: 20

Қаратөбеде білім сынағы өтуде

Бүгін ауданның байырғы мектептерінің бірі, аудан орталығындағы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында орналасқан №846 ҰБТ өткізу пунктінде білім сынағы басталды.

Оған ауданның 13 мектебінен ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген 142 талапкер қатысуда. ҰБТ өткізу пунктінде екі аудиторияда тест тапсырушыларға барлық жағдай қарастырылған. Білім сынағының ашылу салтанатын комиссия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Гүлнәр Акишева кіріспе сөзбен ашып, мектеп бітірушілерге сәттілік тілеп, зор маңызға ие ҰБТ сынағының ашылу салтанатымен құттықтады.

№846 ҰБТ тапсыру пунктінде сынақ тапсыру сәттері басталып кетті. Мектеп ауласында талапкерлердің ата-аналары мен туыстары ҰБТ нәтижелерін тағатсыздана күтуде. Сынаққа қатысушы талапкерлерге іске сәт демекшіміз!

 

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

IMG_9703

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале