13.01.2020, 17:43
Оқылды: 32

Қаратөбеде грант иеленгендер арасында мониторинг жүргізілді

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантқа ие болғандар арасында мониторинг жүргізу үшін арнайы топ Қаратөбе ауданының Қоскөл және Егіндікөл ауылдық арып қайтты.

qaratobe (1)

 Топ құрамындағы ауылдық округ әкімдері, "Атамекен" ҰКП және халықты жұмыспен қамту орталығы басшылары грант иелерінің жұмыстарымен танысып, өзара пікір алмасты.

- Қатысушылар өздеріне керек құрал-жабдықтарын алып, қазіргі уақытта бизнестерін нәтижелі жүргізуде, - дейді "Атамекен" ҰКП Қаратөбе филиалы директоры Асхат Тойшыбаев.

qaratobe (2)

Сондай-ақ сала мамандары жергілікті халықпен де кездесіп, атаулы әлеуметтік көмек туралы және мемлекеттік бағдарламалар туралы( грант, несие, техника алу) түсіндіріп берді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале