6.12.2018, 16:46
Оқылды: 37

Қаратөбеде кітапханалар акциясы қорытындыланды

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен ауыл кітапханалары акциясының қорытынды кеші өтті.

 qaratobe (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ауыл тарихы – ел тарихы» деп аталған акцияға келгендер аудан кітапханаларының көрмесін тамашалады.

Кітапханашыларға домбырамен арнау орындаған Қоскөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Әділбек Әжіғалиев пен Ы.Сапарбаевтың шығармасы «Ностальгияны» скрипкада орындаған Ханкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Венера Нұридденова көрермендердің ықыласына бөленді.

Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Қайырғалиев қатысушыларға алғыс білдіріп, мәдени іс- шараларға белсене араласып, елеулі үлес қосқан бір топ ауылдық округ әкімі мен мекеме басшыларына алғыс хат табыстады.

Кеште кітапханалық жоба «Алтын формуляр» иегерлері сахна төріне шақырылып, құрмет көрсетілді.

Шарада аудандық кітапхананың үздік оқырманы деп танылған Әмірбек Жәнібеков кітап туралы ойын өрнектеп, оқырмандар атынан кітапханашылардың еңбегіне алғыс жеткізді.

Аудандық кітапхана мамандары акцияның жұмысын саралап, қорытындылай келе аталымдарға ие болған кітапханашыларды атады. «Жаңа идеялар шыңындағы кітапхана» аталымын ардагер кітапханашы Тәтті Оханова (Шөптікөл), модельді кітапханалар арасынан «Интернет кеңістігіндегі кітапхана» аталымын  Сулыкөл  ауылдық модельді кітапханасы алды. Сонымен қатар «Үздік жоба» аталымы кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда тың идея мен креативті жоба ұсынған Егіндікөл ауылдық кітапханасына бұйырды. Ал көз тартар көрме дайындаған Саралжын ауылдық кітапханасына «Үздік көрме» аталымы берілід.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Бердіғалиева «Ауыл кітапханалары фестивалі» облыстық жобасы аясында кәсіби шеберлік пен шығармашылық шыңынан көрінген үшін Аққозы ауылдық кітапханасын марапаттады.

Акция аясында оқырмандарды кітап оқуға көптеп тартып, белсене қатысқан Үшана, Бесоба, Ханкөл, Сәуле ауылдық кітапханаларының жетекшілері марапатталды.

 

qaratobe (3) qaratobe (5)

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале