15.05.2019, 15:16
Оқылды: 73

Қаратөбеде қол күресінен еске алу біріншілігі өтті

Бүгін Қаратөбе ауданында байрақты бәсекелерде қол күресінен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарған Сүйесін Құмаровты еске алуға арналған ашық аудандық біріншілігі мәреге жетті.

 DSC_0187

Қысқа ғұмырында қол күресінен жасөспірімдер арасында БҚО чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылы ҚР спартакиадасының, 2017 жылы ҚР чемпионатының қола жүлдегері, Батыс аймақтық жарысының чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасында 2018 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның спорт шеберлігіне үміткер атанған Сүйесін қандай құрметке де лайық.

Алдымен аудан біріншілігіне қатысушылар спортшының рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Жанат Асантаев жастайынан спортпен тұрақты шұғылданып, жарық еткен қысқа ғұмырында үлкен жетістікке жеткен Сүйесін Құмаров жастарға үлгі екенін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Додаға арнайы келген ҚР қол күресі федерациясы жанынан арнайы келген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатының 4 дүркін чемпионы, Әлем кубогінің 2 дүркін иегері Әлижан Мұратов құрлықтық додаларда Қазақ елінің намысын қорғаған Сүйесін Ермұратұлының анасы Ғалияға ҚГСжАФ Президенті М.Асаиновтың атынан алғыс хатпен пен Әлем біріншілігінің кубогын табыстады.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы, Сүйесін Құмаровтың бапкері Нұрқат Есенжанұлы сөз сөйлеп, шәкірті туралы естелікті толғаныспен жеткізіп, жарыс ережесімен таныстырды.

Біріншілікке Ақтөбе облысы, Орал қаласы, Теректі, Тасқала, Сырым және Қаратөбенің намысын қорған 140 спортшы қатысты. Жарыста ұлдар 18, қыздар 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жалпы командалық есепте І орынды Қаратөбе командасы, ІІ, ІІІ орындарды Орал қаласынан келген қос команда өзара бөлісті.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

DSC_0196 DSC_0208 DSC_0211 DSC_0296

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале