11.12.2017, 17:05
Оқылды: 20

Қаратөбеде КТК ойындары өтті

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында «Қазақстан КТК» одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы – «Қаратөбе Жайдарман» лигасының ұйымдастыруымен өткен «Жайдарман» КТК ойындарының финалында «Қаратөбе колледжі» командасы жеңімпаз атанды.

Тартысқа толы ойынға «Жайық» (Орал қаласы), «Біздің уақыт» (Сырым ауданы), «Мадагаскар» (Қаратөбе колледжі), «Күлкі аялдамасы» (Мұхит атындағы мектеп) және «Қаратөбе колледжі»  командасы қатысып, қағытпа қалжыңдарымен көрермен көңілінен жол тапты.

Шабытты маусымды қорытындылаған жайдарлы жайдарманшылар «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы» сынды кезеңдер бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің қолдауымен өткен ойында «Үздік ойыншы» аталымын «Жайық» (Орал қаласы) командасының белді ойыншысы Аманат Бектұрсынов иеленді.

Айта кетерлігі, «Үздік ойыншы» аталымына ие болған Аманат келер жылғы «Жайдарман» ойындарында қазылар алқасы құрамында болмақ.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале