10.09.2018, 10:10
Оқылды: 57

Қаратөбеде күннен қуат алатын шамдар орнатылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Қаратөбеде бірқатар іргелі істер атқарылып, өңірдің келбеті күннен күнге көркейіп, ажары айшықтала түсуде.

qaratobe shamy (1)

Жеке кәсіпкер Құсайын Мұқанов ауылға сый ретінде С.Датұлы көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолына күннен қуат алатын батареясы бар 32 көше шамын орнатып берді.

Көше шамдары энергияны күн сәулесінен алып, түнгі уақытта іске қосылады. Бұл игі істің жалпы құны 1млн. 700 мың теңгені құраған.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

qaratobe shamy (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале