2.08.2018, 11:08
Оқылды: 23

Қаратөбеде Медиация күні аталып өтті  

 

Karatobe mediacia (1)Қаратөбеде 5 тамыз -Медиация күніне орай «Медиация – қазақстандық қоғамның сындарлы болашағы» атты дөңгелек үстел өтіп, аудандағы кәсіби емес медиаторлар марапатталды.


Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев төрағалық етіп, халықты медиация кабинеттері және қоғамдық медиаторлар қызметімен таныстырудың, әлеуметтік және құқықтық жанжалдарды шешу мен дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығына тоқталды.

Кезегінде сөз алған аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова:

Karatobe mediacia– Медиация дегеніміз – медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауларды шешу. Медиация өз кезегінде сот жүйесіне жаңашылдық енгізіп, дауларды шешудің тиімді жолын айқындады. Бұл қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Мәселен, бұрын заң бұзғандар беделді ақсақалдардың шешімімен өз жазасын алып, екі жақ келісімге келіп отырған. Яғни бітімгершілік – қазаққа жат ұғым емес. Ендеше сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу – қазақ халқының шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадамы, - деді.

Шара соңында ауданда медиация институтын дамыту мен нығайтуға үлес қосып жүрген кәсіби емес медиаторлар Сырым Ғайноллаұлы, Нұрлан Тәшенұлы, Ербол Ғазизұлы, Қайыржан Қабдығалиұлы медиация күніне орай алғыс хаттармен марапатталды.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале