4.06.2018, 14:13
Оқылды: 31

Қаратөбеде рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным!» акциясы өтті

 

IMG_8897Бүгін Қаратөбе ауданының орталық алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Менің Қазақстаным!» акциясы өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада алдымен аудан жастары Қазақстанның  Мемлекеттік рәміздерін алып, орталық алаңға шеру тартты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

IMG_8864– Елбасымыз осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы туралы заңға қол қойған болатын. Содан бері 4-маусым мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленіп, аталып өтілу дәстүрге айналды. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.

Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықты жалғайтын жарқын бейне ол – Мемлекеттік рәміздер.

Елтаңбамыз – еңселі, Туымыз – тұғылы, Әнұранымыз – айбынды болсын. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!–деді.

IMG_8852Одан соң Жанат Асылханұлы мерекеге орай, Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына өз үлестерін қосқаны үшін Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты, Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық орталық ауруханасы мекемелеріне  алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік шарада патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, аудан жастарының флешмобына ұласты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале