4.07.2018, 10:29
Оқылды: 39

Қаратөбеде жазасын өтегендер жұмысқа орналастырылуда

Karatobe sottalgandar Қаратөбеде аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқарылатын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.


Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан:

Елімізде қылмыстық жазаларды ізгілендіріп қылмыс жасаған адамдарға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге айрықша мән беріліп отыр. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасының 33-тармағымен жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орнынан босаған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру міндеті жүктеліп отыр. Сол себепті, істі болғандарды қоғамнан оқшауламай қоғамға бейімдеуіміз керек,- деді.

Күн тәртібінде ауданда пробация қызметінің есебінде және түзеу мекемелерінен босатылған тұлғаларға  әлеуметтік оңалту бағытында  көмектердің көрсетілулері, жұмысқа орналастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева баяндап өтті.

– Ағымдағы жылдың есепті кезеңі бойынша аудандық  ішкі істер бөлімінде 6 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босаған  және 13 адам пробация қызметінің есебінде тізімде тұр. Бүгінгі күнге 5 адам тұрақты жұмыста,  2 адам  қоғамдық жұмыста, 1 адам зейнеткер, 3 адам шаруа қожалықтарында уақытша  жұмыста жүр, 1 адам жақында қысқа мерзімді оқудан келді, қазіргі таңда осы адамды жұмысқа орналастыру қарастырылуда, бір адам мәжбүрлі еңбекте  жүр, - дейді Бақытжан Қайырқұлұлы. 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале