24.12.2019, 10:30
Оқылды: 56

Қаратөбеде «Жыл үздіктері» марапатталды

Өз ісінің шебері боп танылған дарынды жастарды қолдау мақсатында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы сондай ақ "Мұхит жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен өткен сырттай байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздарына «Жыл үздігі – 2019» жүлдесі табыс етілді.

qaratpbe jyl (1)

Кеш барысында толайым табысқа жеткен үздіктер, жастар сыйлығына ұсынылған тоғыз аталым бойынша мықтыларды анықтады.

– Жастар жылы аясында ауданда игі жұмыстар атқарылды. Соның бірі ауыл тұрғыны Талшын анамызға баспана салып бергені. Бүгінгі жастар болашақ Қазақстанның бейнесі. Жастардың бойындағы білімділік, адамгершілік, белсенділік, бастамашылдық еліміздің дамуы мен өркендеуінің кепілі.

qaratpbe jyl (2)

Қызметтегі жетістігімен көзге түсіп, «Жыл үздігі» атанған жас жеңімпаздарға толағай табыс пен сәттілік тілеймін», - деді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

qaratpbe jyl (3)

Мерекелік кештің марапаттау рәсімінде аудан басшысы Жанат Асантаев «Жыл жаңалығы» аталымымен Элдар Амантаев пен аудан жастарын марапаттады.

«Жыл үздігі –2019» Жастар премиясының жүлдегерлері «Үздік жас спортшы» Ержан Ерболатұлы, «Үздік өрт сөндіруші» Нұрлан Бақытжанов, «Үздік жас маман» Айнұр Халиуллина, «Үздік өнерпаз» Гүлайым Қайырғалиева, «Үздік студент» Данагүл Төлекбаева, «Үздік жас көшбасшы» «Мұхит жастары» ЖҚБ төрайымы Айгөлек Андирова, «Үздік жас ұстаз» Асылзада Мұханбетқали, «Үздік жас кәсіпкер» Ақбөбек Ғатауова атанды.

qaratpbe jyl (5)

Айта кету керек қараша айында арнайы комиссия мүшелері құрылып, үздіктерді анықтады.

 

Тоты Асқарқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале