10.01.2018, 17:57
Оқылды: 20

Қаратөбелік кәсіпкер жүрек ауруына шалдыққан қызға көмектесті

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Өзіңде барды өзгемен бөлісіп, мұқтаж жандарға қол ұшын беру жомарт жандардың ғана қолынан келеді. Солардың бірі – қаратөбелік белгілі кәсіпкер, жомарт жан Гүлнар Мұсаева.   

Жеке кәсіпкер Гүлнар Мұсаева аудан көлемінде өтетін түрлі игі іс-шаралардың басында жүреді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, Гүлнар Орынбасарқызы бұл жолы жүрек ауруына шалдығып, Үндістанда ота жасатқалы жүрген балғын қыз Жұлдыз Серіковаға көмек қолын созды.

Айта кетейік, өткен жылы қаратөбеліктер ауыр дертке шалдыққан балғын қыз Жұлдыз Жасталапқызына жәрдемдесіп, түрлі қайырымдылық шараларын өткізген болатын.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале