29.05.2018, 16:50
Оқылды: 40

Қаратөбелік мұғалім республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Семей қаласында ұйымдастырылған «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты  ХІІІ республикалық педагогикалық олимпиадасына Қаратөбе мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Жадыра Хабибуллина  БҚО атынан  бағын сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Бұл байқауда қаратөбелік ұстаз «Математикалық сауаттылық есептері: логика мен өмірдегі қарапайым математика» тақырыбында және аталмыш тақырыпта  бейнесабақтар дайындау арқылы мақсатқа жетудің тиімді  әдіс-тәсілдері турасында жоба қорғады.

Айта кету керек, осы жобаның негізінде жасақталған «Пик формуласы» тақырыбындағы ғылыми жұмысты шәкірті Асылай Абдрахманова қорғап, республикалық кезеңнен ІІ орын алған болатын.

Қаратөбе мектеп-гимназиясы биылғы оқу жылын білімді де білікті ұстаздары мен дарынды да талапты шәкірттерінің  жетістіктерімен табысты аяқтады.  

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале