26.06.2018, 15:09
Оқылды: 21

Қаратөбелік спортшылар бағдарлау жарысынан табысты оралды

Маусым айының 16-19 аралығында Орал қаласында спорттық бағдарлаудан алғаш рет Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Үш қашықтық бойынша өткізілген жарыста еліміздің бес қаласынан және облыс аудандарынан 125 спортшы бақ сынады. Аталған жарысқа Қаратөбе аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының «Спорттық бағдарлау» үйірмесінің «Orient Zhusandoi» командасы жекелеген қашықтықтар бойынша қатысқан болатын.

Қысқа, орта және ұзақ қашықтықтар бойынша сынға түскен спортшылар жоғары дайындықтарын көрсете білді. Жарыс қорытындысында орта қашықтықта W 14 Сәкен Елжан ІІ орынды, W 14 Жасмин Аманғали ІІІ орынды, ұзақ қашықтықта М 14 Дархан Орынбасаров ІІІ орынды еншіледі. Ал қысқа қашықтықта М 16 Нұртілеу Орынғалиев ІІІ орынды, W 18 Жайна Асыланбекқызы ІІІ орынды, М 20 Эльдар Болатжанов ІІІ орындарға қол жеткізді.

Үйірме оқушыларының республикалық жарыстан табысты оралуына жетекшісі Еркебұлан Ғабдуллиннің еңбегі зор. Айта кетер болсақ, аталмыш үйірме оқушылары спорттық бағдарлаудан аудан, облыс және республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүр.

Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале