12.02.2018, 15:05
Оқылды: 23

Қаратөбеліктер олимпиадашыларға қолдау көрсетті

Қаратөбе ауданы орталығындағы мұз айдынында Оңтүстік Корея елінде ХХІІІ қысқы олимпиадада еліміздің намысын қорғайтын  спортшыларға қолдау көрсетуге арналған «Көңілді мәре» мекемеаралық қысқы спорттық ойыны өтті.

 Спорттық шараны Қаратөбе колледжінің студенттері «Көңілді джентльмендер» биімен ашты.

ХХІІІ қысқы олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшыларды қолдауға арналған шарада Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан:

– Ұлттық құрама сапында БҚО спортшылары өнер көрсетуде. Қысқы олимпиадаға шорт-тректен еліміздің намысын қорғайтын Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев қатысуда. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк Туымызды Абзал Әжіғалиев көтеріп шықты. Бұл – батысқазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш! Спортшыларымызға жеңіс тілейміз, - деді.

Спорттық додаға Қаратөбе колледжі, Шөптікөл мектеп-балабақшасы, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы орта мектеп командалары сынға түсті.

Ойын қорытындысында І орынды Шөптікөл мектеп-балабақшасы, ІІ орынды Қаратөбе колледжі, ІІІ орынды  қос команда Мұхит мектебі және Қаратөбе мектеп-гимназиясының ойыншылары өзара бөлісті.

Жекелеген ойыншылар арасында «Көрермен көзайымы» аталымымен Жасқайрат Төлеуішов, «Үздік ойыншы» аталымымен Баян Мергенова, «Жас ойыншы» аталымымен Шерхан Еркінұлы марапатталды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале