25.01.2018, 11:59
Оқылды: 50

«Кармановка мектебінің атауын өзгерту керек»

Жақында Жаңақала ауданы, С.Меңдешев ауылдық округінде аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің кезекті есеп беру жиыны өтті.

Жиында Қырқопа ауылдық округінің әкімі Ақан Болатұлы мен Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қадырбайұлының баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин 2017 жылғы ауданның экономикалық-әлеуметтік даму барысы және алда тұрған міндеттерді мәлімдеді.

Баяндамалар бітісімен жергілікті басшыларға халық тарапынан біраз көкейтесті сауалдар жолданды. Кездесуде ауыл тұрғыны, зейнеткер С.Әлмұқанұлы тегін дәрінің 3 айдан бері мүлде берілмегенін айтып, реніш білдірді. Сонымен қатар орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу керектігін, жолақы қымбаттығын тілге тиек етті.

Мұнан кейін Қырқопа ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Төлеуғалиев Кармановка орта мектебінің атауын өзгерту керектігін айтып, маңызды мәселе көтерді. Сондай-ақ ол Орал-Жаңақала күре жолының бойындағы С.Меңдешев ауылдық округінің тұсындағы «Кармановка» деген белгіні де өзгерту қажеттігін айтты. Бұдан бөлек округте жас мамандарға баспана жетіспейтінін жеткізіп, округке жаңадан тұрғын үйлер салынса деген ұсынысын жеткізді.

Кездесуде туындаған ұсыныстар, сауалдар бойынша аудан әкімі Н.Қарағойшин жұмыстанатынын хабарлап, жиынды қорытындылады.

 Алтынбек ЫСҚАҚ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале