19.09.2019, 17:50
Оқылды: 195

Қазбадан табылғанның бәрі құнды

Шыңғырлау ауданының «Көне Сегізсай қорғандары» маңында тағы да кезекті археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

segizsai (2) 

Бұл жұмысты БҚО инновациялық-технологиялық университетінің тарих факультеті, ІІ курс студенттерінен құралған экспедициялық топ жүргізуде. Топ жетекешісі тарих ғылымдарының кандидаты, аталмыш жоғары оқу орнының оқытушысы Мұрат Қалменов.

Бүгінгі таңда кезекті бір оба қазылып, зерттелуде. Жалпы бұған дейін қазылған обалар бұл өңірді заманында сармат тайпаларының құтты қоныс, атамекені екенін меңзейді.

segizsai (4)

Сарматтар түрлі елдерді жаулап ала отырып, сауда-саттықты, өнерді, өндірісті, егін егіп, шаруашылық жүргізуді де жақсы меңгерген. Территориясының Ұлы Жібек жолының бойында жатуы, Қара теңіз бойына дейін созылып жатқаны, одан әрідегі елдермен де сауда байланысын жүргізуіне мүмкіндік берген. Бүгінде аудандық музейде тұрған, осы обалардың бірінен табылған венециялық шыны құты сөзіміздің бір дәлелі.

segizsai (1)

Өкінішке орай, обалар мен қорғандардың көпшілігі тоналған. Дегенмен түрлі ыдыстар, адам сүйектері, бірге көмілген қару-жарақ, мал сүйектері де тарих үшін құнды.

Қаршыға Асу

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале