16.05.2018, 10:12
Оқылды: 43

Қазталов ауданында өнер мектебінің іргетасы қалануда

IMG_8277Биыл аудан орталығының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленгелі отыр. Тарқатып айтайық. Талай мінбелерден әңгіме өзегіне айналған  өнер мектебінің іргетасы қаланып жатыр. Бұл құрылыс жұмысын «Жолаушы - Жол» ЖШС жүргізуде.

Серіктестіктің атқарушы директоры Серік Темірханов былай деп әңгімелейді: -Құны 87 млн.теңге қаражатты құрап отырған бұл құрылыс жұмысы 10 сәуірде басталды. Белгілі уақытында аяқтаймыз. Қазіргі күнде 18 адам құрылыс жұмысында жүрсе, соның 6-уы жергілікті жерден тартылды. Біз бұл салынып жатқан құрылыстың маңызын терең түсініп отырмыз. Өйткені арнайы өнер мектебінің ғимараты аудан көлемінде тұңғыш рет қолған алынып отыр. Сондықтан бұл болашақ өнерге қанат қаққан  жастарды тәрбиелейтін орын болғандықтан, олардың өнерден алаңсыз дәріс алуы үшін құрылыс жұмысын сапалы жүргіземіз,-деді.

Біз де құрылыс жұмысын жүргізіп отырған құрылыс бригадасына сәттілік тілеп, күні ертең қазақтың құдіретті күйін орындайтын домбырашылар, асқақтата ән салатын әншілер, сызылта ойнайтын сырнайшылар, қазақтың мұңын, зарын тарихтан сыр қылып жеткізетін қобызшылар, мың бұралған бишілер дайындайтын қасиетті өнер ордасының бой көтерілгеніне қуаныштымыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале