10.10.2017, 19:14
Оқылды: 21

Қазталовта 1298 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелген

87Олар 3825 адамды жұмыспен қамтып, биылғы жылдың 1 қыркүйегінде бюджетке 36,768 млн. теңге түсім түсірді. Бұл туралы Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Биыл ауданда 762 жаңа жұмыс орындары құрылған. Жұмыспен қамту қызметі арқылы 488 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 88 адамға көбейген.

- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 213 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 128 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификаттарын алса, 39 адам несие алып 166,9 млн. теңгеге қол жеткізді. Осы бағдарламаның үшінші бағыты аясында жастар практикасына 86 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 59 адам жұмысқа жолданды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында 10 жоба бойынша 246 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті жерден 58 адам жұмыспен қамтылды» дейді аудан басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале