14.04.2017, 15:20
Оқылды: 46

Қазталовта «Ақбұлақ» бағдарламасы жалғасуда

Kaztalov su kirgizu    Қазталов ауданында былтыр "Ақбұлақ" бағдарламасы Нұрсай ауылында мерзімінен бұрын аяқталып, тұрғындар таза суды игілігіне тұтынуда. Ауыз су тарту жұмыстары биыл аудан орталығы Қазталовта жалғасып жатыр.

   Жергілікті халықтың игілігіне бағытталған бұл жұмыстармен айналысып жатқан "БатысГазСтрой" ЖШС учаске бастығы Нұрбол Мұханғалиевтің айтуынша, Қазталов ауылындағы атқарылып жатырған жұмыстардың 80 пайызына жуығы аяқтала келген. Ауыл тұрғындарынан 6 адам осы жұмыстарға тартылған. Су өткізу жұмыстарына қажетті құбырлар мен материалдар толық жеткілікті. Ауыз су әр үйдің ірге тасына дейін жеткізіліп беріледі. Су өткізу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау жоспарлануда.

  Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жолында іргелі мемлекеттік бағдарламаның облыс әкімдігінің қолдауымен іске асырылып жатқанына қазталовтықтар қуанышты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале